Батыс өңірдің қоқыс шығаратын ұйымдарымен онлайн-талқылау
Жаңалықтарға оралу

Батыс өңірдің қоқыс шығаратын ұйымдарымен онлайн-талқылау

2025 жылғы 22 шілдеде «Жасыл даму» АҚ Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қоқыс шығарумен айналысатын ұйымдарының өкілдерімен онлайн-талқылау өткізді.


Кездесуде спикер ретінде «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов сөз сөйледі. Ол ӨКМ Операторы қаражатын пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Негізгі жаңалықтардың бірі халыққа қызмет көрсететін қоқыс шығаратын компанияларды қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізу кезінде инфрақұрылым (қабылдау пункттері, фандоматтар, контейнерлер) орнату арқылы қолдау алатын ұйымдар тізіміне енгізу болды.


Талқылауға саланың 40-қа жуық өкілі, сондай-ақ әкімдіктердің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ӨКМ Операторымен өзара іс-қимыл, шарттарды рәсімдеу, есептілік және жиналған әрі қайта өңделген әр тонна қалдық үшін төлем мәселелерін қарастырды.


Сондай-ақ, қайта өңдеу саласын дамыту перспективалары мен болашақтағы ынтымақтастық жолдары талқыланды.