Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту (ҚР Президентінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген) бойынша Концепциясына сәйкес негізгі бағыттарының бірі болып қалдықтарды басқару саласын жетілдіру, сондай-ақ электронды және электр жабдықтарының, көлік құралдарының, аккумуляторларды және пайдаланғаннан кейін басқа да тауарлардың қаптама қалдықтарын жинау және кәдеге жаратуға арналған шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында ӨКМ принципін енгізу болып саналады.
Қазақстанда ӨКМ принципі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап
Қазақстанда ӨКМ принципі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекет етуде. ӨКМ міндеттемелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін Тізілімге кірген өнімдерге қатысты таратылады.
ӨКМ таратылады
Автокөлік құралдары
✓Жеңіл автокөліктер
✓Жүк көліктер
✓Автобустар
2016
Автокомпоненттер
✓Шиналар
✓Аккумуляторлар
✓Майлар, арнайы сұйықтар
2016
Қаптама
✓Пластмасса
✓Қағаз, картон
✓Тетрапак
✓Шыны
✓Металл
2020
Ауылшаруашылық техникасы
✓Тракторлар
✓Комбайндар
2020
Кабель-өткізгіш өнім
✓Сымдар, кабельдер
2021
2016 жылы ӨКМ әрекеті автокөлік құралдары мен автоқұрамдарына (шиналар, аккумуляторлар, майлар мен арнайы сұйықтық) таратылған. 2017 жылғы қаңтар айынан бастап ӨКМ қағаз, картон, металл, шыны, пластик және құрамдастырылған қаптамаға, қаптамадағы тауарлар электр және электронды жабдыққа (ЭЭЖ) кәдеге жарату ақысын төлемей таратылды.
2019 жылғы 23 желтоқсаннан бастап жоғарыда көрсетілген Тізілімге сәйкес ӨКМ ауыл шаруашылық техникасына (тракторлар және комбайындар) таратылуын қарастыратын бұйрық күшіне енді.
2019 жылғы 26 желтоқсанда қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге асыруды ұйымдастыру үшін төлемді есептеу Әдістемесіне төлем есептеуді белгілеу бөлігіне қатысты өзгертулер енгізілген. Аталған өзгертулер 2020 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген.
2021 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі төлемақыны есептеу әдістемесіне түзетулер енгізуді көздейтін бұйрық қабылдады, оған сәйкес кабельдік-өткізгіш өнімдерге қатысты төлемақының тіркелген ставкалары белгіленді. Бұл өзгерістер 2021 жылдан бастап күшіне енді.