2026 жылы 23 сәуірде 2026 Өңірлік экологиялық саммит (RES2026) шеңберінде «Жасыл даму» АҚ қолдауымен «Көміртекті баға белгіленімі және шығарындылар саудасынының жүйесін (ШСЖ) реформалау бойынша өңірлік білім алмасу» панельдік сессиясы өтті. Қатысушылар Климаттық мақсаттарға қол жеткізудің негізгі құралдарын, халықаралық тәжірибені және Орталық Азиядағы көміртек нарықтарын дамыту перспективаларын талқылады.
Сессия парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттық қаржыландыруды тарту құралы ретіндегі көміртекті баға белгіленімі рөліне арналды. Сарапшылар көміртек нарықтарының тиімді жұмыс істеуі нарық қатысушыларының ашықтығы мен сенімін қамтамасыз ететін сенімді мониторинг, есеп беру және верификациялау (MRV) жүйелерінсіз мүмкін емес екенін атап өтті.
Сессия барысында PMI бастамасына қатысушы елдердің тәжірибесі ұсынылды. Түркия ШСЖ іске қосу үшін алдын ала институционалдық және нормативтік дайындықтың маңыздылығын көрсетті. Бразилия климаттық қаржыландыруды жұмылдыру құралы ретінде ұлттық көміртек нарығының әлеуетін көрсетті. Қытай қамтуды кезең-кезеңімен кеңейту кезінде жүйені масштабтау мүмкіндіктерін суреттеді. Оңтүстік Африканың тәсілі, көміртек салығының нарықтық механизмдермен үйлесуі икемді климаттық саясаттың тиімді моделі ретінде атап өтілді.
Қазақстанның шығарындылар саудасының жүйесін реформалауға ерекше назар аударылды. Сарапшылар нарық өтімділігін арттыру, шығарындыларды азайту үшін нарықтық ынталандыруды күшейту және ұлттық жүйені халықаралық механизмдермен, атап айтқанда Париж келісімінің 6-бабының құралдарымен интеграциялау қажеттігін атап өтті. Бұл инвестицияларды тарту және жобалардың экологиялық тұтастығын арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Өңірлік контекстте Орталық Азия елдері көміртекті баға белгіленімі саласындағы ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Білім алмасу, институционалдық әлеуетті арттыру және тәсілдерді үйлестіру өңірдегі тиімді көміртек нарықтарын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.
Сессия аясында Жасыл климат қорының (GCF) позициясы да ұсынылды. Климаттық қаржыландыруды жұмылдырудағы көміртекті баға белгіленімі рөлі, Париж келісімінің 6-бабының механизмдерін ұлттық жүйелермен біріктіру мүмкіндігі, сондай-ақ көміртек нарықтарын дамытуда Орталық Азия елдерін әлеуетті қолдау мәселелері талқыланды.