Ережедегі өзгерістер онлайн форматта талқыланды
Жаңалықтарға оралу

Ережедегі өзгерістер онлайн форматта талқыланды

"Жасыл даму" АҚ өкілдері өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау шеңберінде қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің өзіндік жүйесін қолданатын өндірушілер мен импорттаушылар үшін онлайн-түсініктеме ұйымдастырды.

Кездесу барысында қатысушыларға қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Талқылауға шиналар, аккумуляторлық батареялар және пайдаланылған майлар қалдықтарымен жұмыс істейтін компаниялардың 14 өкілі қатысты. Компаниялар жаңа ережелер мен талаптар бойынша өзекті түсініктемелер алды, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін енгізудің практикалық аспектілерін талқылады.