Хабарландыру: ӨКМ меншікті жүйесін қолдану арқылы орындайтын өндірушілерге (импорттаушыларға) арналған онлайн-кеңес
Жаңалықтарға оралу

Хабарландыру: ӨКМ меншікті жүйесін қолдану арқылы орындайтын өндірушілерге (импорттаушыларға) арналған онлайн-кеңес

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншіктік жүйесін қолдану арқылы орындайтын өндірушілердің (импорттаушылардың) назарына!

2025 жылғы 02 шілдеде сағат 08:30-да "Жасыл даму" акционерлік қоғамы, өндірушілердің (импорттаушылардың) өз жүйесін қолдануын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге (Қағидалар мен Талаптарға) өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн-кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Осы онлайн-кеңеске қатысу үшін, сізге, WhatsApp тобына қосылу үшін электрондық поштаны және ұялы телефон нөмірін көрсете отырып, компания, байланыс тұлғасы туралы мәліметтерді ұсыну қажет. Бұл мәліметтерді электрондық мекенжайға a.sabdenov@recycle.kz жіберу қажет.

Онлайн-кеңеске қосылу үшін, электрондық сілтеме қатысушыларға WhatsApp тобында қосымша жіберіледі.