Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 389-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, артық төленген утилизациялық төлем сомаларын қайтару және (немесе) оларды алдағы төлемдер есебіне жатқызу «Жасыл даму» АҚ Басқармасының 2024 жылғы 14 қарашадағы шешімімен бекітілген Қайтару және есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш беру мерзімі:
Артық төленген сомаларды қайтару немесе есепке алу туралы өтініштер төлем жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.
Мысалы, егер төлем 2025 жылы жүргізілсе, өтініш 2026 жылдың 1 наурызына дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қайтару немесе есепке алудың негіздері:
Өтініш беру тәртібі:
Артық төленген сомаларды қайтару немесе есепке алу үшін тиісті өтініш беріледі. Өтінішке Қағидаларда белгіленген растаушы құжаттардың тізбесі қоса тіркеледі.
Өтініш электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы e-otinish.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жіберіледі.
Назар аударыңыз!
Артық төленген сомалар утилизациялық төлем жасалған есептік кезең бойынша корпоративтік табыс салығы декларациясын ұсыну мерзімінен кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын расталуы тиіс.
Қайтару және есепке алу қағидаларымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://recycle.kz/storage/app/media/doc/Pravila-vozvrata-05.12.24.pdf