«Жасыл даму» АҚ EcoQolday ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарын енгізу және танымал ету жұмыстарын жалғастыруда.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан облысы әкімдігінде өңірдің қоқыс шығаратын ұйымдарына арналған офлайн-семинар өткізіліп, онда EcoQolday ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары түсіндірілді. Бұған дейін, қыркүйек айының басында Алматы қаласы әкімдігінде жергілікті қоқыс шығаратын компаниялар үшін осындай семинар ұйымдастырылған болатын.
Алматы қаласында семинарды «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Кабдолданов ашып берсе, Түркістан облысында компания өкілі Әлімжан Сабденов сөз сөйледі. Спикерлер ӨКМ операторы тарапынан Қаражатты пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жаңа енгізілімдердің бірі - халыққа қызмет көрсететін қоқыс шығаратын компанияларды қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесін енгізу барысында қолдау алатын ұйымдар тізіміне қосу. Қолдау аясында қабылдау пункттерін, фандоматтарды және контейнерлерді орнату үшін қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Әрбір іс-шараға шамамен 40-қа жуық саланың өкілдері қатысты. Талқылау барысында ӨКМ операторымен өзара іс-қимыл, келісімшарттарды рәсімдеу, есеп жүргізу және жиналған әрі қайта өңделген әр тонна қалдық үшін төлем алу мәселелері қаралды.
Қатысушылар қайта өңдеу саласының даму перспективаларын атап өтіп, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше айтты.
«Жасыл даму» АҚ экологиялық бастамаларды қолдауды, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша заманауи инфрақұрылымды дамытуды жалғастыра отырып, Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қоса береді.