«Жасыл даму» акционерлік қоғамы қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындарды қолдауға арналған «EcoQolday» ақпараттық жүйесінің қызметінің нәтижелерін қорытындылады.
Бүгінгі таңда жүйеде 125 компания тіркелген, олардың ішінде:
– 76 жинаушы,
– 30 қайта өңдеуші,
– 19 толық циклды компания.
74 шарт жасалып, 1 өтінім қаралуда, 50 өтінім қабылданбаған.
Платформа іске қосылған сәттен бастап (2024 жылғы тамыз) 289 есеп жіберілді, оның 17-і – 2025 жылдың қыркүйегінде. Қайта өңделген қалдықтардың жалпы көлемі 29,4 мың тонна, соның ішінде:
– қағаз – 21,8 мың тонна,
– шыны – 7,1 мың тонна,
– пластик – 0,5 мың тонна.
Жүйе қатысушыларына төленген жалпы сома 447,3 млн теңгеге жетті.
«EcoQolday» жүйесінде 1 725 қалдық түзуші тіркеліп, олар 2,6 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге арналған 747 өтінім жіберді. Процессқа жеке және заңды тұлғалар белсенді қатысуда.
Telegram желісіндегі контрагенттерді қолдау орталығы пайдаланушыларға жедел көмек көрсетуді жалғастыруда: 3–10 қазан аралығында 18 кәсіпкерден түскен 29 сұрау өңделді.
«Жасыл даму» АҚ цифрлық құралдарды дамытуды жалғастырып, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыруда.