«Жасыл даму» АҚ елордадағы жалпы қалалық сенбілікке қатысты
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ елордадағы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2025 жылғы 11 қазанда «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қызметкерлері «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең ауқымды экологиялық акция аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Компания өкілдері Ботаникалық бақта ағаш отырғызу жұмыстарына және Қажымұқан ауылы маңындағы Есіл өзенінің жағалауын тазалау ісіне атсалысты. Экологиялық акцияға 50 қызметкер қатысты.
Бастаманың негізгі мақсаты – елордамыздың экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Акция 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілуде. Тұжырымдаманың басты мақсаты тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастыру және саналы тұтыну мәдениетін дамыту.