Қазақстан мен Өзбекстан қалдықтарды басқару саласында ынтымақтастық орнатты
Жаңалықтарға оралу

Қазақстан мен Өзбекстан қалдықтарды басқару саласында ынтымақтастық орнатты

Қазақстан мен Өзбекстан қалдықтарды басқару саласында ынтымақтастық орнатты
Бүгін Өңірлік экологиялық саммит аясында «Жасыл даму» АҚ мен Өзбекстан Республикасының Қалдықтарды басқару және циркулярлық экономиканы дамыту агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат екі ел арасындағы тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.
Меморандумға «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай және Өзбекстан Республикасының Қалдықтарды басқару және циркулярлық экономиканы дамыту агенттігінің директоры Шарифбек Шамсиддинұлы Хасанов қол қойды.
Меморандум аясында тараптар:
 • қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибе және үздік практикалармен алмасуға, оның ішінде өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі тетіктерін іске асыру бойынша;
 • қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды дамытуға;
 • циркулярлық экономика қағидаттарын қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етуге уағдаласты.
Аталған құжат өңірлік деңгейде экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.