Қазақстанның экология министрі Халықаралық экологиялық конвенциялардың атқарушы хатшысымен кездесу өткізді
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы Рольф Пайетпен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қауіпті қалдықтарды басқаруды, химиялық заттарды бақылауды және тұрақты органикалық ластағыштар бойынша міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, аталған конвенциялар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстандық тарап ұлттық деңгейде іске асырылып жатқан экологиялық қауіпсіздік саласындағы шаралар мен жобалар туралы ақпарат ұсынды.
Кездесуге сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сарсенбай қатысты.