Құрметті отандастар!
Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көпұлтты еліміздегі сан түрлі мәдениет пен дәстүрдің үйлесімді тоғысуы - біздің басты байлығымыз әрі ортақ жетістігіміздің негізі.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі мызғымас болсын! Әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілеймін!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай