«Жасыл даму» АҚ басшылығымен климаттық жобалардың жүзеге асырылуына арналған кездесу Сенатта өтті
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ басшылығымен климаттық жобалардың жүзеге асырылуына арналған кездесу Сенатта өтті

Бүгін, 2025 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Жасыл даму» акционерлік қоғамының басшылығы, Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті және бірқатар мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған сұрақтар талқыланды.
Кездесуге Комитет төрағасы Али Бектаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице – министрі Жомарт Алиев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрліг өкілдеріі, Өнеркәсіпті дамыту қоры және «Жасыл даму» АҚ басшылығы қатысты.
 «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай Қоғамның жұмысы туралы баяндады.
Сенаторлар Қазақстанның стратегиялық құжаттарында белгіленген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық ахуалды жақсарту және жасыл экономика көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.