Құрметті отандастар!
Баршаңызды ұлы мереке - 25 қазан Республика күнімен құттықтаймын!
Республика күні - елдіктің, егемендіктің, татулық пен тұрақтылықтың символы.
Осы мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Көк байрағымыз әрқашан бейбіт аспанымызда желбіреп, болашақ ұрпақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялата берсін!
Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай