Республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті
Жаңалықтарға оралу

Республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті

2025 жылғы 20 қараша күні Астана қаласында, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен, тұрақты даму мен жасыл экономика жобаларын қолдайтын ресми серіктестер Банк ЦентрКредит және «Жасыл даму» АҚ қолдауымен өткізілді.
Байқау Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, EcoQolday бағдарламасын насихаттауға, қалдықтарды жинау және сұрыптаудағы үздік бастамаларды қолдауға бағытталды. Сондай-ақ, жоба аясында жастар, бизнес және қоғам арасында саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсаты қойылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-Министрі Жомарт Алиев, «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай, «Банк ЦентрКредит» АҚ Атқарушы директоры – Филиал директоры Дина Сейтқазинова, сондай-ақ Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы–ректоры Қанат Тіреуов, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Батырбек Аубакиров қатысты.
Биылғы байқауға еліміздің барлық өңірінен белсенді азаматтар қатысып, әлеуметтік желілерде 100-ге жуық экологиялық бейнеролик жарияланды. Қалдықтарды жинау және сұрыптау нәтижесінде 100 тоннаға жуық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.
Салтанатты жиында төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:
«Жас Эко-Амбассадор» номинациясы
1 орын – Тәңірберген Әмір (Талғар) – 750 000 тг
2 орын – Кенжеғали Ілияс (Ақтөбе) – 500 000 тг
3 орын – Рахымжанұлы Медет (Астана) – 250 000 тг
«Қазақстанның Эко-Азаматы» номинациясы
1 орын – Бердіев Түрлібек Сабитович (Шымкент) – 750 000 тг
2 орын – Юсупова Меруерт (Талғар) – 500 000 тг
3 орын – Фомина Наталья (Қарағанды) – 250 000 тг
«Эко-Бизнес» номинациясы
1 орын – «Еділ и компания» ЖШС (Рудный) – 1 250 000 тг
2 орын – «Aquamir» ЖШС (Астана) – 1 000 000 тг
3 орын – «Ecomaf» ЖШС (Астана) – 750 000 тг
«Цифрлық Эко-Дауыс» номинациясы
1 орын – Набиев Дулат (Алматы) – 1 250 000 тг
2 орын – Огай Дина (Алматы) – 1 000 000 тг
3 орын – Иманбекова Аруна (Астана) – 750 000 тг