"Жасыл даму" акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Оператор) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің қатысуымен мынадай түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда: 2024 жылғы 06 тамызда сағат 11:00-де қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі шарттарға қосылу туралы өтінішке қол қойған кәсіпкерлік субъектілері арасында онлайн форматта. 2024 жылғы 07 тамызда сағат 11:00-де ecoqolday АЖ-да тіркеуге өтінім берген, сондай-ақ шарттарға қосылу сатысында тұрған кәсіпкерлік субъектілері арасында онлайн форматта. 2024 жылғы 08 тамызда сағат 11:00-де ecoqolday бағдарламасына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отырған кәсіпкерлік субъектілері арасында онлайн форматта. Түсіндіру жұмыстары барысында EcoQolday АЖ функционалы айқын көрсетіледі, сондай-ақ "сұрақ-жауап"форматы көзделеді. Онлайн-конференцияға қосылу үшін электрондық сілтеме қатысушыларға Telegram-чатта қосымша жіберілетін болады.