Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – елін, жерін қорғауға әрқашан дайын азаматтардың мерекесі. Батырлық пен ерліктің, патриоттық пен рухтың символына айналған осы күні ел тыныштығын күзетіп жүрген барлық әскерилер мен ардагерлерге алғысымыз шексіз.
Сіздердің ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – еліміздің бейбіт болашағының кепілі. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бейбіт өмір мен бақ-береке тілейміз!
Ел іргесі аман, аспанымыз ашық болсын!
Ізгі ниетпен, "Жасыл даму" АҚ