Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Парниктік газдар шығарындыларының ұлттық түгендеу есептерін тексеру үдерістері мен рәсімдері» тақырыбында ашық тренинг өтті. Іс-шара «Жасыл даму» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдерімен кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Тренингтің негізгі спикері ретінде «Жасыл даму» АҚ Салалық құзыреттер департаменті 1-дің бас менеджері Чередниченко А. В. сөз сөйлеп, парниктік газдар шығарындыларын түгендеуді дайындау және тексерудің практикалық аспектілерін ұсынды. Іс-шара барысында деректер ағындарын басқару, ақпарат сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ шығарындыларды есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттердің дұрыстығы мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Қатысушыларға «Энергетика» секторы бойынша парниктік газдар шығарындыларын түгендеудің қадамдық мысалы көрсетілді. Ұлттық түгендеу есептерін сараптамалық рецензиялау және есептілікті тексеру кезіндегі сарапшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Өткізілген тренинг салалық мамандар, сарапшылар қауымдастығы және академиялық орта арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды алаңына айналды. Алынған білім мен практикалық дағдылар ұлттық түгендеу есептерінің сапасын арттыруға және климаттық саясат саласындағы институционалдық әлеуетті дамытуға ықпал етеді.