«Жасыл даму» АҚ қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы және Қазақстанның орауыш өнім өндірушілері қауымдастығымен кездесу өткізді
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы және Қазақстанның орауыш өнім өндірушілері қауымдастығымен кездесу өткізді

2025 жылғы 21 мамырда «Жасыл даму» АҚ өкілдері Қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы және Қазақстанның орауыш өнім өндірушілері қауымдастығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында полимерлі және құрамдастырылған қаптамаларды қоса алғанда, қаптама қалдықтарын қайта өңдеуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға кедергі келтіретін факторлар мен болашағы бар мүмкіндіктерді, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жүйесінің операторы мен іскерлік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.

Қалдықтарды басқару саласындағы нарықтық жағдайларды зерделеу және бизнес субъектілерін қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу процесіне тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Жасыл даму» АҚ салалық қауымдастықтармен ашық диалог пен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін білдіріп, бұл әрекеттердің барлығы тұйық циклді экономиканы дамытуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өтті.