«Жасыл даму» АҚ оқу жылының басында 129 мектепте 1000 нан астам экологиялық қоқыс қораптарын орнатады
Жаңалықтарға оралу

«Жасыл даму» АҚ оқу жылының басында 129 мектепте 1000 нан астам экологиялық қоқыс қораптарын орнатады

«Жасыл даму» АҚ жастар арасында экологиялық сана қалыптастыру жұмысын жалғастырады: жаз бойы Астана мен Жезқазғанның 129 мемлекеттік мектебінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 1095 заманауи эко қораптар жиынтығы орната бастады.

Жаңа оқу жылында мектептерде экоқораптар орнатумен қатар балаларға қалдықтарды сұрыптаудың, оны қайта өңдеудің және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығы түсіндіріледі. Осылайша, мектеп оқушыларының өзіндік экологиялық мәдениеті қалыптасады: қалдықтарды бөлек жинау дағдылары ғана емес, сонымен бірге жас кезінен бастап қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау да айтылады.

Бұл жоба «Жасыл даму» АҚ-ның елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру жөніндегі кешенді міндеттерінің бірі.