Кәдеге жарату алымынан түскен қаражат ел экономикасына жұмыс істеп, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталып жатыр
Баспасөз орталығына оралу

Кәдеге жарату алымынан түскен қаражат ел экономикасына жұмыс істеп, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталып жатыр

Соңғы уақытта БАҚ-та «Жасыл даму» АҚ қызметінің тиімділігі, оның ішінде Kcell акцияларын сатып алу мәселесі жиі көтерілуде.

Осыған байланысты, «Жасыл даму» АҚ Kcell компаниясының заңды немесе корпоративтік тұрғыда акционері емес екендігін атап өтеміз. Яғни, Kcell акцияларының уақытша кепілге берілуі «Жасыл даму» АҚ-ның компания менеджментіне қатысуын білдірмейді. «Жасыл даму» АҚ-ның қаражатын орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен расталған). Бұл жағдайда уақытша бос қаражатты өтелуі міндетті жоғары сенімді әрі өтімді бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы орналастыруға мүмкіндік беретін кері РЕПО құралы пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған мақсаттарға қаражат бағытталғанға дейін – бұл қаражат уақытша бос болып саналады және оларды тиімді басқару мақсатында қаржы құралдарына орналастырылады. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін қаражат «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ына аударылады.

«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату алым қаражатын басқаруда қолданыстағы заңнама талаптары мен ашықтық қағидаттарын қатаң сақтайды.

2024 жылғы шілдеде Үкімет (2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулы) 2024–2026 жылдары кәдеге жарату төлемдер есебінен жалпы сомасы 185 млрд теңгені құрайтын ҚТҚ жобаларын қаржыландыру үшін жеңілдікті (3%), қайтарымды (3-тен 15 жылға дейін) тетік енгізді. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша «Жасыл даму» АҚ жалпы сомасы 87,3 млрд теңгені құрайтын 20 ҚТҚ жобасын қаржыландырды.

Мұндай жобалар әлеуетті инвесторлар үшін капиталы көп қажет ететін, коммерциялық тұрғыдан тартымсыз (greenfield-жобалар немесе нөлден басталатын жобалар) және күрделі құрылымдау сызбасы, тәуекелдердің жоғары деңгейі мен өзге де маңызды факторлармен байланысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес «Жасыл даму» АҚ EcoQolday бағдарламасы аясында жеке және заңды тұлғаларға қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу үшін төлемдер жүргізу арқылы коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және жою көрсеткішіне қол жеткізуге ықпал етеді.

2022–2024 жылдар аралығында республикалық бюджетке 135,4 млрд теңге төленді, оның ішінде корпоративтік табыс салығы – 89,6 млрд теңге (2022 жылы – 16,6 млрд теңге, 2023 жылы – 32 млрд теңге, 2024 жылы – 41 млрд теңге) және дивидендтер – 45,8 млрд теңге (2023 жылы – 19,6 млрд теңге, 2024 жылы – 26,2 млрд теңге).

«Жасыл даму» АҚ-ның сыртқы аудиторлармен расталған жалпы әкімшілік шығыстары Экологиялық кодексте көзделген мақсаттарға бағытталған жалпы шығыстардың 1%-нан азын құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілетті органдармен бірлесіп, қоршаған орта мәселелерін шешу үшін жүйелі негізде қажетті шараларды қабылдап келеді.