Хабарландыру: EcoQolday жүйесін пайдалану және төлемдерді рәсімдеу бойынша бизнеске арналған онлайн-кеңес
Баспасөз орталығына оралу

Хабарландыру: EcoQolday жүйесін пайдалану және төлемдерді рәсімдеу бойынша бизнеске арналған онлайн-кеңес

2025 жылғы 23 мамыр күні сағат 11:00-де «Жасыл даму» акционерлік қоғамы пластик, макулатура, шыны қалдықтарын жинау және қайта өңдеу саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) орталықтандырылған жүйе арқылы шығару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында онлайн-кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Кеңес барысында EcoQolday ақпараттық жүйесінің функционалы көзбе-көз көрсетіліп, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу үшін төлемдерді алу тәртібі бойынша түсініктемелер беріледі.

Аталған кеңеске қатысу үшін компания туралы мәліметтерді, байланыс тұлғасының электрондық поштасы мен ұялы телефон нөмірін көрсетіп, WhatsApp тобына қосу үшін келесі мекенжайға жіберу қажет: b.shynybay@recycle.kz немесе +77021577765 нөміріне.

Онлайн-конференцияға қосылу үшін сілтеме кейінірек WhatsApp чатында жолданатын болады.