«Жасыл даму» АҚ климаттық ашықтық пен бейімделу саласындағы құзыреттерін арттыруда
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ климаттық ашықтық пен бейімделу саласындағы құзыреттерін арттыруда

«Жасыл даму» АҚ қызметкерлері климаттық саясат, ашықтық және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы жетекші сарапшылар бас қосқан халықаралық семинарға (Чеджу аралы, Корея Республикасы) қатысты.

Семинарды БҰҰ РКИК Хатшылығы, Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі, Korea Environment Institute KACCC, UNITAR CIFAL Jeju және UNEP Copenhagen Climate Centre ұйымдастырды.

Талқылаудың басты тақырыбы - Париж келісімі аясындағы күшейтілген ашықтық жүйесіне елдердің дайындық мәселелері болды. Әсіресе екі жылдық ашықтық туралы есептің (BTR) сапалы бейімделу бөлімдерін әзірлеу және осы бағыттағы тиімді халықаралық тәсілдерді зерделеуге ерекше назар аударылды.

Бағдарламаға практикалық тренингтер, топтық сессиялар және Чеджу аралы мысалында нақты климаттық сын-қатерлер мен ықтимал шешімдерді талқылаған далалық сабақ енгізілді.

«Жасыл даму» АҚ өкілдері халықаралық есептілік стандарттары бойынша жаңа білім алып (сертификат), Азия мен Тынық мұхиты аймағы елдерінің алғашқы есептерімен танысты. Маңызды нәтижелердің бірі - БҰҰ РКИК, UNEP CCC, KEI KACCC сарапшыларымен және басқа мемлекеттердің әріптестерімен орнатылған байланыстар болды.

«Жасыл даму» АҚ алған білімді ұлттық климаттық есептілік жүйесін жетілдіру және бейімделу саласындағы құзыреттерді нығайту үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Компания Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға үлес қоса отырып, кәсіби ынтымақтастықты дамытуды және үздік тәжірибелерді енгізуді жалғастырады.