«Жасыл даму» АҚ мен «Tengri Tyres» ЖШС Қазақстан Республикасында автокомпоненттер өндірісін ынталандыру бойынша келісімге қол қойды
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ мен «Tengri Tyres» ЖШС Қазақстан Республикасында автокомпоненттер өндірісін ынталандыру бойынша келісімге қол қойды

2025 жылғы 4 қыркүйекте «Жасыл даму» акционерлік қоғамы заманауи автоматтандырылған жеңіл көліктерге, жол талғамайтын көліктерге, коммерциялық және жүк көліктеріне арналған шиналар өндіретін «Tengri Tyres» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа қол қойды.

Бұл келісім экологиялық таза көлік құралдарына арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламент талаптарына сай келетін компоненттер өндірісін ынталандыруға бағытталған.

Келісім Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген экологиялық таза автомобиль көліктерін және олардың компоненттерін өндіруді ынталандыру ережелері аясында жасалды.

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда инновациялық және экологиялық технологияларды қолдауды жалғастыра отырып, елдің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.