«Жасыл даму» АҚ компаниясы Kcell акционері болды деген ақпаратқа байланысты қаржылық операциялардың мәнін түсіндіреміз.
«Жасыл даму» АҚ Kcell акцияларын сатып алмаған және заңды немесе корпоративтік мағынада компанияның акционері емес. Компанияның қаражатын орналастыру ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі №960 қаулысында белгіленген, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос қаражатын орналастыру тәртібіне сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
Осы жағдайда жоғары өтімді және сенімді бағалы қағаздарды, оның ішінде Kcell акцияларын кері сатып алу шартымен кепілге қою арқылы уақытша бос қаражатты орналастыру құралы кері РЕПО операциясы қолданылған. Акцияларды кепілге беру «Жасыл даму» АҚ-ына корпоративтік құқықтар мен компанияны басқаруға қатысуға мүмкіндік бермейді және акцияларды нақты сатып алу болып саналмайды.
РЕПО операциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) кәсіби қаржы нарығы қатысушыларының және міндетті түрде есеп айырысуды және тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық ұйым Орталық контрагенттің* қатысуымен жасалады.
Осылайша, «Жасыл даму» АҚ қаражатының Kcell акцияларын кепілге қою арқылы орналастырылуы бұл қысқа мерзімді биржалық операция болып табылады, маңыздысы акцияларды сатып алу болып саналмайды және компания акционерлерінің құрамына әсер етпейді.
«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлем қаражатын басқару кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын және ашықтық қағидаттарын қатаң сақтай отырып жұмыс істейді.
*Орталық контрагент - бұл қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы, ол ақша немесе қаржы активін жеткізу бойынша міндеттемені қаржы нарығы қатысушысының орындамау тәуекелін өзіне алып, барлық мәмілелер бойынша жалғыз қарсы тарап ретінде әрекет етеді.