2025 жылғы 29 тамызда Алматы қаласында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері кездесті. Келіссөздер барысында экология, табиғатты ұтымды пайдалану және инновациялық шешімдерді енгізу саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.
Тараптар мынадай басым бағыттарды белгіледі:
• қоршаған ортаның жай-күйін зерттеу мен мониторингте суперкомпьютерді және жасанды интеллектіні қолдану;
• Жерді қашықтан зондтау (ҚЗЖ) деректерін атмосфералық ауаның, орман экожүйелерінің, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылауда, сондай-ақ полигондар мен заңсыз қоқыс орындарын мониторингте пайдалану;
• «Жасыл технологиялар» тізілімін қалыптастыру: ғылымның заманауи жетістіктеріне негізделген экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өндіріс технологиялары;
• мамандар тапшылығын азайту мақсатында министрлік пен ҚазҰУ ғалымдары арасында табиғатты пайдалану, гидрология және басқа да салалар бойынша тәжірибе алмасу бағдарламаларын іске асыру.
Сонымен бірге, метан мен парниктік газдар шығарындыларын бақылау және азайтуға, табиғи экожүйелердегі өзгерістерді қадағалауға ерекше назар аударылды.
Жобаларды жүзеге асыруға министрлікке қарасты ұйымдар тартылатын болады: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, «Қазгидромет» РМК, «Жасыл даму» АҚ, «ХЖТИЖО» ҰАО және «Каспий теңізі ҚазҒЗИ» ҰАО.
«Жасыл даму» АҚ «жасыл» экономиканы дамытуға, инновациялық экологиялық шешімдерді қолдауға және табиғатқа жауапты көзқарас қалыптастыруға үлес қоса бермек.