Қарағандылық оқушылар мектеп ауласын жасылдандыру мақсатында 28 тоннадан астам шикізат тапсырды
Баспасөз орталығына оралу

Қарағандылық оқушылар мектеп ауласын жасылдандыру мақсатында 28 тоннадан астам шикізат тапсырды

«ЭкоАсар» бастамасы аясында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқушылары 28 тоннадан астам шикізат жинады.  Жиналған шикізаттан 2 213 000 теңге қаражат түсті. Енді осы қаражатқа мектеп аулаларын көгалдандыру мақсатында көшеттер сатып алынатын болады. Игі шараға мектеп оқушылары мен қатар олардың ата-аналары да белсенді ат салысты. Осылайша білім беру мекемелері  шикізатты қайта өңдеуге тапсыру арқылы мектеп ауласын гүлдендіруге өз үлестерін қосуда.