«Жасыл даму» акционерлік қоғамы дайындаған 1990–2023 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының парниктік газдар түгендеуінің ұлттық құжатына сәйкес, елдегі метан (CH₄) шығарындыларының көлемі 1990 жылмен салыстырғанда шамамен 41%-ға азайды.
Метан — ең маңызды парниктік газдардың бірі болып саналады, оның ғаламдық жылынуға әсер ету әлеуеті көмірқышқыл газына (CO₂) қарағанда 28–34 есе жоғары. Қазақстанда метан шығарындыларының төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады.
«Жасыл даму» АҚ мониторинг пен есептіліктің тиімділігін арттыруға және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.