Кәдеге жарату алымы қаражаты нақты экологиялық жобаларға бағытталды
Баспасөз орталығына оралу

Кәдеге жарату алымы қаражаты нақты экологиялық жобаларға бағытталды

Бүгін Шымкент қаласында ескірген автомобиль шиналарын қайта өңдеуге арналған жаңартылған «ЭкоШина» ЖШС зауытының іске қосу салтанатты рәсімі өтті. Қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамытуда және өңірдің жасыл экономика қағидаттарына көшуінде маңызды кезең.

Жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен кәдеге жарату алымы есебінен қаржыландырылды. Кәсіпорынды жаңғыртуға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» 15 жылға дейінгі жылдық 3% жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасымен, шамамен 500 млн теңге бағытталған.

Обьектіні жаңарту нәтижесінде ескі шинаны өңдеу қуаты жылына 4 000-нан 10 000 тоннаға дейін ұлғайтылды. Зауыт қайта өңдеу нәтижесінде резеңке қоспалары, шина регенераты, модульдік плиткалар, пиролиздік отын, көміртек, және тоқыма сымдары сияқты түрлі өнімдер шығарады.

Жаңғырту 80 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді және Шымкент пен Түркістан облысының экономикалық және экологиялық бағытта дамуына қосымша серпін. Кәсіпорын қалдықтарды көму көлемін азайтып қана қоймай, қайталама материалдар нарығының дамуына үлес қосады.

Айта кетейік, «ЭкоШина» ЖШС - шиналар мен құрамында резеңке бар қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы Қазақстанның ірі кәсіпорны. Зауыт экологиялық шешімдерді белсенді енгізеді және компания өнімдері спорт пен балалар алаңдарын абаттандыруда кеңінен қолданылады.

Жаңартылған зауыттың іске қосылуы Мемлекет басшысының елдегі ірі қалаларда қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі болды. Бұл кәдеге жарату қаржысының нақты экологиялық және экономикалық жобаларға айналуының мысалы.