Бүгін басталған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында «Amanat» партиясы Астана қаласы, Есіл аудандық филиалы макулатура жинайды.
Тамыз айының ортасына дейін жиналған макулатура өткізіліп, түскен қаржы «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға арналған қайырымдылық жұмыстарына жұмсалады.
«Жасыл даму» акционерлік қоғамы «EcoQolday» бағдарламасының қатысушысымен макулатураны жинауды, одан әрі қайта өңдеуді ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
Макулатураны Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы, 3 мекенжайы бойынша, жұмыс күндері сағат 11:00-ден 17:30-ға дейін, тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат үшін: +7 707 472 52 96