8 наурыз - әйелдерге құрмет пен алғыс білдіретін күн
Баспасөз орталығына оралу

8 наурыз - әйелдерге құрмет пен алғыс білдіретін күн

Құрметті әйелдер!

Сіздерді көктемнің шуағын, табиғаттың жаңаруын, сұлулық пен мейірімділікті паш ететін ең ерекше 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Қазақ даналығында «Әйел - бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тағылымды сөз бар. Расында да, Сіздер отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның дамуына серпін беретін, ұйымның табысына үлес қосатын парасатты да кәсіби жандарсыздар. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз, іскерліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз - ортақ жетістіктеріміздің берік негізі.

«Бақыт - баянды, ғұмыр - ғибратты болсын» деген ақ тілекпен, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге нұр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай