Шыны ыдысты қайта пайдалану жөніндегі онлайн-кездесу
Баспасөз орталығына оралу

Шыны ыдысты қайта пайдалану жөніндегі онлайн-кездесу

2025 жылғы 21 шілдеде «Жасыл даму» АҚ шыны бөтелкелерді қайта пайдалану механизмін енгізу мүмкіндігі бойынша онлайн-талқылау өткізді.
Кездесуді «Атамекен» ҰКП ұйымдастырды. Талқылауға «QazSpirits» ЗТБ, «Эфес Казахстан» АҚ, сондай-ақ ҚР-дағы алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының өкілдері қатысты.
«Жасыл даму» АҚ атынан онлайн-кеңеске Қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің директоры Тельман Сабит қатысты.
Кездесу барысында бұл жүйені енгізудің кедергілері мен болашағы, шығындарды үнемдеуден бастап қалдықтар көлемін азайтуға дейінгі мәселелер қаралды. Компаниялар қызығушылық танытып, өз ұсыныстарын беруге дайын екендіктерін білдірді.
Онлайн-талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар құрамын кеңейту және бұл бағытта жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.