Орталық Азиядағы көпжақты экологиялық келісімдерді іске асыру: ластануға қарсы күрестегі синергия мен құқықтық тәсілдер
Баспасөз орталығына оралу

Орталық Азиядағы көпжақты экологиялық келісімдерді іске асыру: ластануға қарсы күрестегі синергия мен құқықтық тәсілдер

2025 жылғы 17-19 маусымда Алматы қаласында «Орталық Азияда көпжақты табиғатты қорғау келісімдерін тиімді іске асыруға жәрдемдесу: ластануға қарсы күресте синергия мен құқықтық тәсілдерді ілгерілету» тақырыбында әлеуетті арттыру семинары өтуде.

Семинар Орталық Азияның бес елі Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға арналған және өзара тәжірибе алмасуға негізделген өңірлік көзқарастың артықшылықтарын пайдалануға бағытталған. Басқосуды БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының хатшылықтарымен, Минамата конвенциясының Хатшылығымен, сондай-ақ Орхус конвенциясы мен Еуропа экономикалық комиссиясының Трансшекаралық ауаның ластануы туралы конвенциясының хатшылықтарымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Семинарға бес елдің өкілдері шақырылды. Олардың қатарында БРС конвенциялары, Трансшекаралық ауа ластануы туралы конвенция, Орхус конвенциясы мен Ластаушы заттардың шығарындысы мен тасымалын тіркеу туралы Хаттамасының ұлттық үйлестірушілері, сынап, химиялық заттар мен қалдықтар, сондай-ақ ауа сапасы мәселелері бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік сарапшылар, Экологиялық құқық жөніндегі Монтевидео бағдарламасының ұлттық үйлестірушілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК және «Жасыл даму» АҚ өкілдері бар.

Семинарда «Жасыл даму» АҚ атынан Тарихи қалдықтарды басқару департаментінің директоры Анар Сарсенова қатысып отыр.

Негізгі мақсаты - Орталық Азия елдерінде таңдап алынған көпжақты табиғатты қорғау келісімдерін ұлттық деңгейде неғұрлым үйлестірілген және тиімді іске асыруға жәрдемдесу. Семинар қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес саласындағы аталған келісімдерді, соның ішінде Химиялық заттар жөніндегі Жаһандық негіздемелік келісім аясында іске асыру бойынша синергияны қамтамасыз ету тетіктерін айқындауға бағытталады. Өңірлік тәсілді қабылдау Орталық Азия елдерінің өкілдері арасында тәжірибе алмасу, үздік тәжірибелер мен келісімдерді іске асырудың сәтті мысалдарын тарату үшін семинарды тиімді алаңға айналдыруға мүмкіндік береді.