Қоқыс шығарумен айналысатын ұйымдар өкілдерімен онлайн-талқылау
Баспасөз орталығына оралу

Қоқыс шығарумен айналысатын ұйымдар өкілдерімен онлайн-талқылау

«Жасыл даму» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 17 шілдеде Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының қоқыс шығаратын ұйымдарының қатысуымен онлайн-талқылау өткізді.
Іс-шарада спикер ретінде Қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің директоры Тельман Сабит сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату және (немесе) жою жұмыстарын ұйымдастыруға РОП Операторының қаражатын бағыттау ережелеріне енгізілген өзгерістерге түсініктеме беру болды. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсететін қоқыс шығаратын кәсіпорындарды қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесін енгізу бойынша инфрақұрылымды орнату (қайта өңделетін шикізатты қабылдау пункттері, фандоматтар, бөлек жинауға арналған контейнерлер) арқылы қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар тізіміне енгізу қарастырылды.
Онлайн-талқылауға жоғарыда аталған өңірлерден шамамен 70 қоқыс шығару ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ экология және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ӨКМ Операторымен өзара іс-қимыл жасау, шарттар жасасу тәртібі, есептерді тапсыру және жиналған, тасымалданған және өңделген қалдықтардың әр тоннасы үшін төлем жүргізу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ қалдықтарды жинау және қайта өңдеу саласын дамыту перспективалары талқыланды.