Астанада 22–24 сәуір күндері өткен Өңірлік экологиялық саммит аясындағы RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінде «Жасыл даму» АҚ «Ең экологиялық стенд» номинациясын жеңіп алды.
Бұл марапат - жай ғана атақ емес, бұл біздің жұмыс стиліміздің және әрбір ұсақ детальға дейін мән беретін ұстанымымыздың нақты бағасы.
Біз экология туралы айтып қана қоймай, оны күнделікті ісімізбен көрсетуге тырысамыз. Сол себепті біз тұрақты дамудың жаңа мәдениетін қалыптастырып, «жасыл» экономиканың қағидаттарын нақты іспен ілгерілетіп келеміз.