Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындау жөніндегі Ұлттық жоспарды жаңарту шеңберінде «Жасыл даму» АҚ ұйымдастырған іс-шара
Баспасөз орталығына оралу

Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындау жөніндегі Ұлттық жоспарды жаңарту шеңберінде «Жасыл даму» АҚ ұйымдастырған іс-шара

2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласында «Албания, Армения және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының (ТОЛ) міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарына шолу және жаңарту» Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) жобасын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасын (ЮНЕП) іске асыру шеңберінде ұлттық кіріспе кеңес өтті.

Іс-шараны «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және халықаралық әріптес – Брно, Чехия қаласындағы RECETOX Стокгольм Конвенциясының өңірлік орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев, «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Қ. Қабдолданов, Ұлттық улы қосылыстар орталығының және Стокгольм Конвенциясының аймақтық орталығының RECETOX директоры К. Себкова, Ұлттық улы қосылыстар орталығының және Стокгольм Конвенциясының аймақтық орталығының RECETOX жоба көмекшісі Н. Павлюк, сондай-ақ министрліктердің, әкімдіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар халықаралық сарапшылармен құнды тәжірибе мен білім алмасып, қауіпті қалдықтарды, оның ішінде тұрақты органикалық ластағыштарды тиімді басқару бойынша ұсыныстар ала алды. Кеңес Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерді табысты орындаудың негізгі факторларының бірі болып табылатын халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Аталған іс-шараны өткізу елдің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, халықтың денсаулығын қорғау және табиғи ортаны сақтау жолындағы маңызды қадам болды. Кеңес мүдделі тараптардың кең ауқымының назарын аударуға және олардың жобаны іске асыруға қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Барлық қатысушылардың кәсіби және сындарлы жұмысының арқасында Қазақстандағы экологиялық ахуалды тұрақты дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жобаны одан әрі табысты іске асыру үшін берік негіз құруға мүмкіндік туды.

Ұлттық кіріспе Кеңес жобаны іске асырудың ресми бастамасын берді. Алдағы жұмыс шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін Ұлттық жоспарды жаңартуға және орындауға барлық мүдделі тараптардың хабардарлығын арттыруға және қатысуын жандандыруға бағытталған тағы екі ұлттық кеңес өткізу жоспарлануда.