Өндірушілер мен импорттаушыларға маңызды ақпарат: артық төленген пайдалану төлемдерін қайтару және есептеу тәртібі
Баспасөз орталығына оралу

Өндірушілер мен импорттаушыларға маңызды ақпарат: артық төленген пайдалану төлемдерін қайтару және есептеу тәртібі

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 389-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, артық төленген пайдалану төлемдерінің сомаларын қайтару және (немесе) алдағы төлемдерге есептеу «Жасыл даму» АҚ 2024 жылғы 14 қарашадағы шешімімен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Өтініш беру мерзімі:

Артық төленген сомаларды қайтару немесе есептеу туралы өтініштер төлем жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қабылданады. Мысалы, егер төлем 2025 жылы жасалған болса, өтініш 2026 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.


Қайтару немесе есептеудің негіздері:

1.Пайдалану төлемінің сомасын (немесе оның бір бөлігін) қате төлеу.

2.Өндірушілердің (импорттаушылардың) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өз бетінше өткізуі (шығару).

3.Қаптаманың қалдықтарын (қате, қиынды, өнімнің жарамдылық мерзімі өткен қаптамадағы тауарлар) кәсіпкерлік субъектісі өз бетінше утилизациялау, яғни қалдықтарды қалпына келтіру немесе утилизациялау операцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға беруі.


Өтініш беру тәртібі:

Артық төленген сомаларды қайтару немесе есептеу үшін өндіруші (импорттаушы) Ережелерде көрсетілген растайтын құжаттарды қоса тіркеп, E-otinish.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен (ЭЦҚ) өтініш бере алады.


Назар аударыңыз!

Артық төленген сомалар салық заңнамасында белгіленген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімінен кемінде 30 күн бұрын расталуы тиіс.

 Артық төленген пайдалану төлемдерін қайтару және есептеу тәртібімен толық танысу үшін сілтемеге өтіңіз: https://recycle.kz/storage/app/media/doc/Pravila-vozvrata-05.12.24.pdf